Infinite Line бу шкафы NV8300T NV75T9979CD/WT

NV75T9979CD/WT

  • Тегін жеткізу
  • Dual Cook Steam™
  • Wi-Fi Control (Smart Things)
  • Дисплей қазақ тілінде қолжетімді

Түс таңдаңыз

Түсі :
  • Satin Glass
    Аязды шыны терезе
  • Dual cook
    Dual cook
  • Dual Cook Steam™
    Dual Cook Steam™
  • Full Touch 4.3" TFT-LCD & Big-Size Dial
    Сенсорлық TFT дисплейі және қалыпты реттегіш

Сіздің асүйіңізге дизайнның жаңа үйлесімдігін енгізу

Infinite line™

Жақсырақ жұмыс істейтін, жақсырақ сезім беретін және жақсырақ көрінетін арманыңыздағы асүйді жасаңыз. Samsung Infinite line™ құрылғылары көзге түсетін жіксіз жалпақ бетті тамаша дизайнмен ерекшеленеді. Озық технологиялардың көптеген түрлері динамикалық және көп функциялы жұмысты қамтамасыз етеді.

Күңгірт әйнектен жасалған әсем әрі үйлесімді терезе

Satin Glass

Асүйге премиалдық көрініс пен тактилдық сезімді Satin Glass* әйнек есіктері арқылы қосыңыз. Жылтырға қарсы технологияның текстурасы күңгірт, сондықтан ол заманауи асүй техникасымен және жиһазбен керемет үйлеседі. Әйнектің сыртқы көрінісін тамаша етіп сақтау үшін оның бетінде қажетсіз дақтардың пайда болуына жол бермейтін саусақ іздеріне қарсы жабыны бар.

Бірнеше тағамды бір уақытта тиімді әзірлеу

Dual cook

Әртүрлі көлемді тағамдарды әзірлеу әдісін таңдаңыз, уақыт пен энергия үнемдеңіз. Dual Cook жүйесінің бір-бірінен тәуелсіз немесе бірге жұмыс істейтін тамақ пісіретін жоғарғы және төменгі аймағы бар. Бір аймақты шағын тағам әзірлеуге пайдаланыңыз немесе әртүрлі тағам әзірлеу үшін екі аймақ құрыңыз. Үлкен тағамдарды әзірлеу үшін пешті түгелдей пайдалануға болады.

Бір мезгілде буда пісіру, нан пісіру және тамақ пісіру

Dual Cook Steam™

Тамақ, нан пісіріп, буда пісіріп, максималды үйлесімділіктен рақат алыңыз! Dual Cook Steam™ әртүрлі баптаулармен, сонымен қатар буда әртүрлі тағамды бір мезгілде әзірлеу үшін жоғарғы және төменгі зонасы бар. Бір аймақты шағын тағамға пайдалануға немесе үлкен тағамға пешті түгелдей әзірлеуге болады.

* Бу науасы бар толық бу функциясы тек NV75T9979CD моделі үшін ғана қол жетімді.

Уақытты үнемдеп, барлық тағамдарды бірақ әзірлеңіз

Dual Cook Steam™ 8 Комбинация

Әртүрлі тағамдарды бірге әзірлеген кездегі үлкен еркін қозғалыстан рақат алыңыз. Dual Cook Steam™ бір-біріне тәуелсіз жоғарғы және төмнегі аймағын бар, сондықтан сіз температура мен уақытты әртүрлі жолмен баптай отырып, әртүрлі тағам әзірлей аласыз немесе тұмшапешті түгелдей үлкен тағам пісіру үшін пайдалануға болады.

Уақытты үнемдеп, барлық тағамдарды бірақ әзірлеңіз

Dual Cook Steam™ 8 Комбинация

Әртүрлі тағамдарды бірге әзірлеген кездегі үлкен еркін қозғалыстан рақат алыңыз. Dual Cook Steam™ бір-біріне тәуелсіз жоғарғы және төмнегі аймағын бар, сондықтан сіз температура мен уақытты әртүрлі жолмен баптай отырып, әртүрлі тағам әзірлей аласыз немесе тұмшапешті түгелдей үлкен тағам пісіру үшін пайдалануға болады.

  • * Ықтимал комбинациялар моделіне байланысты ерекше болуы мүмкін.

Денсаулыққа пайдалы тағамды буда әзірлеу

Буда пісіруге арналған арнайы науа

Буға пайдалы тағамдарды әзірлеуді жеңілдетіңіз. Full Steam технологиясын арнайы бу науасын пайдалана отырып, табиғи дәмі мен нәрлі заттарын сақтай отырып көкөніс пен балықты керемет жолмен әзірлеуге болады. Содан кейін науаны тазалаудың қажеті жоқ, оны ыдыс жуатын машинада жуыңыз да, пиролиттік циклді іске қосыңыз.

Іші жұмсақ, сыртқы қытырлақ

Бу қосыңыз

Керемет нәрлі және қытырлақ тағам алыңыз. Add Steam функциясы тұмшапешті буға толтырып, тағамдарыңызда табиғи ылғалды сақтаңыз. Сондықтан ол іші нәрлі және жұмсақ, ал сырты қызарып, қытырлақ болып піседі. Будың мөлшерін 3 деңгейде оңай реттеуге болады.

Ыңғайлы және түсінікті басқару

Сенсорлық TFT дисплейі және қалыпты реттегіш

Тамақты дайындаудың қарапайымырақ және ерекше әдісімен рақаттаныңыз. Сенсорлық TFT дисплейінің және үлкен реттегіштің әсем, бірақ ұстамды интерфейсі бар керемет түрі бар. Дисплей интуитивті түрде тұмшапештің қазіргі күйін көрсетеді. Сонымен қатар реттегішке жай ғана тиіп немесе бұрап, бірнеше функцияны ыңғайлы түрде басқара аласыз.

Кез келген уақытта және кез келген жерде оңай және қарапайым басқару

Wi-Fi желісін SmartThings қолданбасына қосу мүмкіндігі

Wi-Fi арқылы қосу мүмкіндігінің арқасында уақытты үнемдеңіз және көбірек нәрсеге қол жеткізіңіз. Тұмшапештің жұмысын жай ғана бақылап, оны қолданба* арқылы кез келген уақытта және кез келген жерден басқарыңыз. Оны алдын ала жылытуға немесе өшіруге, температурасын және тамақ әзірлеу уақытын тексеруге және реттеуге болады. Тамақ әзірлеу нұсқаулығында әр тағамның оңтайлы әзірлеу режимі ұсынылған және рецептілер берілген.

* Android және iOS құрылғыларында қолжетімді. Wi-Fi желісіне қосылу мен Samsung тіркеу жазбасын қажет етеді.

Тиімділігі жоғарырақ, шығыны төменірек

A+ энергия тиімділігін таңбалау

Өз үйіңіздің энергия тиімділігін арттырыңыз, электр шотындағы ақшаңызды үнемдеңіз. Оның A+ энергия тиімділігінің таңбалауы бар, сондықтан ол өнімділікке немесе функциялылыққа нұқсан келтірмей, қалыпты тұмшапештерге қарағанда энергияны азырақ тұтынады. Бұл ретте сізге тұмшапештің үлкен аумағының ыңғайлылығы бар болады.

Пештің ішінде жылуды үнемі сақтау керек.

Пиролиттік тазарту

Тұмшапештің ішінде тазалықты, оны тазалауға уақыт пен күшті жұмсамай, қымбат тазалау құралдары пайдаланбай сақтаңыз. Пиролиттік тазалау жүйесі құысын жоғары температураға дейін қыздырып, ішіндегі май мен тамақ қалдықтарын кетіреді. Бәрі таза болып қалады, күлді сүртсеңіз болғаны.

* Жоғарыда бейнеленген тауар нақты бұйымнан өзгеше болуы мүмкін.

Сөрелері жұмсақ және ақырын сырғанайды

Екі деңгейлі, толық шығатын телескоптық бағыттауыштар

Тұмшапешке тағамды қою және шығару әлдеқайда оңай болды. Жоғарғы және төменгі деңгейлердегі 2 телескоптық бағыттауыш* ауыр таба салсаңыз да ақырын, күш салмай-ақ сырғанайды. Олар қатты үйкелмей толық шығады, сондықтан оларға тағам жүктеу және алу оңайырақ болды. Тағамдарды пісіруге және оларды төкпей аударуға болады.

Ақырын, сенімді және шуылсыз жабылады

Есігі жұмсақ жабылады

Soft Close есігінің арқасында тамақ пісірудің байыпты процесімен рақаттаныңыз. Есік қауіпсіз, жұмсақ және шуылсыз жабылады. Шарнирі есіктің соңғы бірнше сантиметрінде ақырын сырғуын қамтамасыз етеді, сондықтан ол баяу және шуылсыз жабылады. Діріл мен соқтығысу дыбысы жоқ болғандықтан, заттарды байқаусыз құлату қаупі де азаяды!

Керемет әзірленген ет

Етке арналған сұққы

Еттің ішкі температурасын оңай тексеріп, оның сіздің талғамыңызға сай жақсы дайындалғанына көз жеткізіңіз. Ет сұққысы ет жақсы қуырылған кезін анық көрсетіп, оны ойлап отыру қажеттігінен арылтады. Тұмшапешті ашып, етті стесіп көру үшін уақыт пен жылуды кетірудің қажеті жоқ.

Сипаттамалары

  • Конвекция 1200 / 1200 Вт
  • Сыртқы көлемдері (ШxВxГ) 595 x 596 x 570
  • Салмағы 51.2 кг

{{family.currentModel.displayName}}

{{family.currentModel.modelCode}}

Түсі : {{chip.displayName}}
{{model.prices.currentPriceDisplay}}
Айына {{model.prices.monthlyPrice}} , {{model.prices.months}} айға бөліп төлеу
немесе {{model.prices.currentPriceDisplay}}
Price without VAT: {{model.prices.vatFreePriceFormatted}}

Price with discount: {{model.prices.currentPriceDisplay}}

Price before: {{model.prices.priceDisplay}}

{{model.prices.priceDisplay}} {{model.prices.savePrice}}
  • {{summary.title}}

    {{summary.value}}{{summary.unit}}

  • {{summary.title}}

Модельдерді салыстырыңыз

Ұқсас өнімдермен салыстырыңыз

ЖАҚЫНДА ҚАРАЛҒАНДАР

* Негізгі функция негізгі сипаттамалардан өзгеше болуы мүмкін.