«Мол олжалы ірі жаңартулар»
АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
«Мол олжалы ірі жаңартулар» жарнамалық акциясына («Акция») қатысу ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» ЖШС (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) («Ұйымдастырушы») және Акцияға Қатысушы арасындағы келісім болып табылады. Акцияға қатысу ерікті болып табылады және Акцияға Қатысушы келесі мекенжай бойынша сайтта жарияланған осы Акцияға қатысу ережелерімен («Ережелер») сөзсіз келіседі: https://www.samsung.com/kz_kz/offer/trade-up соның ішінде доменнің барлық деңгейлері бар («Акция Сайты»)
1. Жалпы ережелер
1.1. Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA», «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ» ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05D7M5, Желтоқсан көшесі, 115-үй, 3-қабат.
1.2. Акцияны өткізу кезеңі: 2024 жылдың 1 мен 30 қарашаның аралығында (қоса санағанда), Алматы қ. уақытымен сағат 23:59 дейін.
1.3. Акцияны өткізу аумағы: Қазақстан Республикасының барлық қалалары.
1.4. Акцияны өткізу тәсілі: Акция осы Ережелерде көрсетілген, SAMSUNG онлайн-дүкенінде сатып алған тауарларға қолданылады https://www.samsung.com/kz_kz/
2. Акцияға Қатысушы
2.1. Осы Ережелердің барлық шарттарын өз күшімен және өз қаражатымен орындаған 18 жасқа толған әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, сонымен бірге ықтиярхаты бар шетел азаматтары Акцияның қатысушысы бола алады («Қатысушы»).
2.2. Акцияға Ұйымдастырушының қызметкерлері, онымен аффилденген тұлғалар, олардың отбасы мүшелері және Акцияны ұйымдастыру мен өткізуге қатысы бар басқа компаниялардың қызметкерлері қатыса алмайды.
2.3. Акцияға қатыса отырып, сондай-ақ дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда (соның ішінде Акция сайтында), кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Қатысушы, Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Акцияның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетингілік мақсатта басқа да контактілерді бақылау үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға, өңдеуге, беруге, орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы. Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы/үшінші тұлғалар/ Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады.
2.4. Қатысушы Акцияға қатыса отырып, фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар сәйкес фото/бейне материалдарды басқа да мақсаттарда, соның ішінде бухгалтерлік және есеп беруді қосқанда және мұнымен шектелмейтін мақсаттарда пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді.
3. Акцияның сипаттамасы
3.1. Осы Ережелерге сәйкес қатысушы осы Ережелерде қарастырылған шарттардың барлығын орындаған жағдайда төменде көрсетілген тауарларға Акция Сайтында Жеңілдік Промокодын алу мүмкіндігін алады.
4. Акцияға қатысу шарттары:
4.1 Акцияға қатысу үшін Қатысушы келесі әрекеттерді орындауы тиіс:
˗ Акцияны өткізу кезеңінде қатысушы Акция Сайтында өз теледидарының техникалық жағдайы туралы сауалнамадан өтіп, кейіннен Т.А.Ә., телефон нөмірі мен электронды поштасын көрсетіп форма толтырады;
˗ Қатысушы формада көрсеткен телефон нөміріне SMS немесе e-mail арқылы осы Ережелердің 1-кестесіне сәйкес Ұйымдастырушыдан Акция Сайтында SAMSUNG тауар белгісімен теледидар немесе тасымалды проектор жеңілдікпен сатып алуға промокод берілген SMS немесе e-mail хабарлама алады;
˗ Қатысушы Акция Сайтында 1-кестеде көрсетілген SAMSUNG тауар белгісімен теледидардың немесе тасымалды проектордың бірін («Тауар») жеңілдікпен сатып алу құқығы бар;
˗ Жеңілдік көлемі SAMSUNG тауар белгісімен тауар моделіне байланысты әртүрлі;
˗ Берілген Промокод SAMSUNG Тауарларының басқа категорияларына қолданылмайды;
˗ Промокодты жолдау 7 (жеті) жұмыс күні ішінде орындалады;
˗ Берілген Промокодты Акция Сайтында тапсырыс рәсімдегенде жолға енгізу арқылы форманы толтырған сәттен бастап 2024 ж. қазанның 31 дейін жарамды;
˗ Қатысушы тіркеу кезінде енгізілген деректердің нақтылығы, толықтығы және дұрыстығына жауапкершілік көтереді;
˗ Қатысушы байланыс деректерін қате көрсеткендіктен Ұйымдастырушы Промокодты қате деректер бойынша жолдағаны үшін жауапкершілік көтермейді. Ұйымдастырушы Қатысушы деректерін қате көрсеткен жағдайда промокодты қайта жолдамайды;
˗ Ұйымдастырушы Қатысушылардың, байланыс ұйымдарының кесірінен немесе Ұйымдастырушыға тәуелді емес себептерден Қатысушылар SMS немесе e-mail хабарламаларды алмағаны/уақытылы алмағаны үшін жауапкершілік көтермейді.
˗ Промокодтар саны шектеулі. Промокод ақшалай қаражатқа немесе басқа тауарларға ауыстырылмайды. Акция қатысушысы Промокод алудан бас тарта алады, осы ретте Қатысушыға қандай да бір ақшалай қаражат/өтемақы төленбейді.
˗ Қатысушы аталған Науқанға қатыса отырып, Ұйымдастырушы өткізетін тоғыспалы Науқандарға, қатыса алмайды
1-кесте:
ТАУАР |
Теледидар 43" UE43DU7100UXCE Crystal UHD 4K |
Теледидар 43" UE43DU8000UXCE Crystal UHD 4K |
Теледидар 43" UE43DU8500UXCE Crystal UHD 4K |
Теледидар 43" QE43Q60DAUXCE QLED 4K |
Теледидар 43" QE43LS03DAUXCE The Frame 4K |
Теледидар 43" QE43QN90DAUXCE Neo QLED 4K |
Теледидар 50" UE50DU7100UXCE Crystal UHD 4K |
Теледидар 50" UE50DU8000UXCE Crystal UHD 4K |
Теледидар 50" UE50DU8500UXCE Crystal UHD 4K |
Теледидар 50" QE50Q60DAUXCE QLED 4K |
Теледидар 50" QE50LS03DAUXCE The Frame 4K |
Теледидар 48" QE48S90DAEXCE OLED 4K |
Теледидар 55" UE55DU7100UXCE Crystal UHD 4K |
Теледидар 55" UE55DU8000UXCE Crystal UHD 4K |
Теледидар 55" UE55DU8500UXCE Crystal UHD 4K |
Теледидар 55" QE55Q60DAUXCE QLED 4K |
Теледидар 65" QE65Q70DAUXCE QLED 4K |
Теледидар 55" QE55Q80DAUXCE QLED 4K |
Теледидар 55" QE55QN85DBUXCE Neo QLED 4K |
Теледидар 55" QE55S90DAUXCE OLED 4K |
Теледидар 55" QE55QN90DAUXCE Neo QLED 4K |
Теледидар 55" QE55S95DAUXCE OLED 4K |
Теледидар 55" QE55LS03DAUXCE The Frame 4K |
Теледидар 65" UE65DU7100UXCE Crystal UHD 4K |
Теледидар 65" UE65DU8000UXCE Crystal UHD 4K |
Теледидар 65" UE65DU8500UXCE Crystal UHD 4K |
Теледидар 65" QE65QN85DBUXCE Neo QLED 4K |
Теледидар 65" QE65S90DAUXCE OLED 4K |
Теледидар 65" QE65QN90DAUXCE Neo QLED 4K |
Теледидар 65" QE65S95DAUXCE OLED 4K |
Теледидар 65" QE65LS03DAUXCE The Frame 4K |
Теледидар 75" UE75DU7100UXCE Crystal UHD 4K |
Теледидар 75" UE75DU8000UXCE Crystal UHD 4K |
Теледидар 75" UE75DU8500UXCE Crystal UHD 4K |
Теледидар 75" QE75QN85DBUXCE Neo QLED 4K |
Теледидар 77" QE77S90DAEXCE OLED 4K |
Теледидар 75" QE75QN90DAUXCE Neo QLED 4K |
Теледидар 75" QE75LS03DAUXCE The Frame 4K |
Теледидар 77" QE77S95DAUXCE OLED 4K |
Теледидар 75" QE75Q70DAUXCE QLED 4K |
Теледидар 85" UE85DU8000UXCE Crystal UHD 4K |
Теледидар 85" QE85Q70DAUXCE QLED 4K |
Теледидар 85" QE85QN85DBUXCE Neo QLED 4K |
Теледидар 85" QE85LS03DAUXCE The Frame 4K |
Теледидар 83" QE83S90DAEXCE OLED 4K |
Теледидар 98" QE98QN90DAUXCE Neo QLED 4K |
Теледидар 98" UE98DU9000UXCE Crystal UHD 4K |
Саундбар HW-B650D/RU |
Аудиожуйе Sound Tower MX-ST40B/RU |
Саундбар HW-B750D/RU |
Аудиожуйе Sound Tower MX-ST50B/RU |
Саундбар HW-Q600C/RU |
Аудиожуйе Music Frame HW-LS60D/RU |
Саундбар HW-S701D/RU |
Аудиожуйе Sound Tower MX-ST90B/RU |
Саундбар HW-Q700D/RU |
Саундбар HW-S801B/RU |
Саундбар HW-S800D/RU |
Саундбар HW-Q800D/RU |
Саундбар HW-Q990D/RU |
5. Акция Қатысушысының құқықтары мен міндеттері
5.1. Акция қатысушысының құқықтары:
˗ Осы Ережелермен танысу;
˗ Осы Ережелерде анықталған тәртіпте Акцияға қатысу;
˗ Акция Сайтындағы байланыс арналары мен көпшілік ресурстарда Акцияның мерзімдері мен шарттары туралы ақпарат алу;
˗ Акция Сайтында осы Ережелердің өзгертулері туралы ақпарат алу;
˗ Көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Акцияға қатысудан бас тарту арқылы өзгерістерді қабылдаудан бас тарту. Осы күн аяқталған соң, Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келіскенін білдіреді;
˗ Акция Ұйымдастырушысы туралы мәлімет алу;
˗ Осы Ережелерге сәйкес Промокодты беруді сұрау;
5.2. Акция Қатысушысының міндеттері:
˗ Акцияға қатысумен байланысты Ережелерді ұстану, соның ішінде осы Ережелерде бекітілген мерзімде Акцияға қатысумен байланысты барлық әрекеттерді орындау;
˗ Акцияға қатысумен байланысты барлық шығынды өз бетімен көтеру, соның ішінде Интернет, телефон және т.б. (бірақ мұнымен шектелмейді) шығындар.
˗ Осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да міндеттерді көтеру.
6. Акция Ұйымдастырушысының құқытары мен міндеттері:
6.1. Ұйымдастырушының Құқықтары:
˗ Акцияны өткізу кезеңі ішінде Акцияның сайтында тиісті хабарламаны орналастыру арқылы Қатысушыларға алдын ала хабарлап, осы Ережелерді біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы. Хабарлау күні сәйкес ақпарат Акцияның Сайтында немесе Бағдарламада жарияланған күн немесе шарттар өзгертілген кезде көрсетілген қосымша күн болып табылады. Қатысушы көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Акцияға қатысудан бас тарту жолымен өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күн аяқталғаннан кейін Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келіскенін білдіреді;
˗ Ұйымдастырушы осы Ережелерде қарастырылған жағдайларда Қатысушылардан қажетті ақпарат пен құжаттарды және де мемлекеттік органдарға ұсыну үшін басқа да құжаттарды сұрата алады;
˗ Ұйымдастырушы Акцияның осы Ережелерінде қарастырылған барлық құқықтар мен ҚР қолданыстағы заңнамасын қолданады;
˗ Осы Ережелердің 4.1. тармағында көрсетілген барлық шарттарды дұрыс және толықкөлемді орындамаған Акция Қатысушысына Промокод беруден бас тарту;
˗ Осы Ережелерді ұстанбау фактісі анықталған жағдайда Акция қатысушысына Промокод беруден бас тартуға құқылы.
6.2. Ұйымдастырушының міндеттері:
˗ Ережелерде анықталған мерзімде Акцияны өткізумен байланысты Ережелерді ұстану, барлық әрекеттерді орындау;
˗ Ережелермен сәйкес Акцияны өткізуді қамтамасыз ету;
˗ Акция қатысушыларына Акция Сайты немесе таңдалған коммуникация арналары арқылы Акцияны өткізу Ережелері туралы ақпарат беру;
˗ Ережелердің 4.1 т. сәйкес барлық шарттарды дұрыс орындаған барлық Акция қатысушыларына Акция шеңберінде Промокод беру.
7. Басқа шарттар:
7.1. Қатысушылардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында бекітілген құқықтары мен міндеттері бар.
7.2. Акцияның барлық Қатысушылары Акцияға қатыса отырып, Акция Ережелерімен келіседі, оларды сақтауға және орындауға міндеттенеді. Қатысушы Промокод алу үшін Акцияның ережелерін бұзған жағдайда немесе айлакерлік және/немесе алдау әрекеттерін жасаған болса, Промокод алу құқығынан айырылады.
7.3. Акцияға қатыса отырып, Қатысушы осы Ережелермен сөзсіз келіскенін білдіреді. Қатысушы Ережелерді ұстанудан толығымен және/немесе ішінара бас тартса, бұл Қатысушының Акцияға қатысудан толығымен бас тартуы болып саналады.
7.4. Акция конкурс, лотерея немесе тәуекелге негізделген басқа құмар ойын болып табылмайды.
7.5. Пікір алу мақсатында Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау үшін Қатысушыға Сапа бөлімінен қоңырау шалуы мүмкін. Қатысушы өз пікірін ұсынудан бас тартуға құқылы.
7.6. Акцияны орындау барысында, Қатысушыны растау мен сәйкестендіру үшін, Қатысушыдан жеке куәлігі және оның көшірмесі сұратылуы мүмкін.
7.7. Қатысушы Ұйымдастырушыға үшінші тұлғалардың дербес деректерін беруге, сонымен қатар басқа да кез келген ақпаратты Акцияның көздегеніне сәйкес келмейтін заңға қайшы мақсаттарда табыстауға міндеттенбейді.
7.8. Ұйымдастырушының Акцияны өткізуге сәйкес барлық мәселелерге байланысты шешімдері түпкілікті болып табылады.
7.9. Акцияның Ұйымдастырушысы телекоммуникациялық және энергетикалық желілердің, зиянды бағдарламалардың және Ұйымдастырушының бағдарламалық және/немесе аппараттық кешеніне (Интернет-ресурс) рұқсатсыз ену және/немесе оны істен шығаруға бағытталған үшінші тұлғалардың қасақана әрекеті салдарынан өз міндеттерін орындамағаны немесе тиісті емес орындағаны үшін жауапкершілік көтермейді.
7.10. Ұйымдастырушы Акция шеңберінде жүктелген міндеттерін орындау үшін үшінші тұлғаларды қатыстыруға құқылы.
7.11. Егер кез келген уақытта Ұйымдастырушы ойға қонымды және заңды негізде Қатысушының қатысудан шектелгенін анықтаса, қатысу талаптарына сай келмесе, осы Ережелерді бұзса немесе Ұйымдастырушы оның мінез-құлқын біреуді масқаралайтын, қонымсыз, қауіп төндіретін, заңсыз немесе қорлауға, теріс пайдалануға, қатерге тігу немесе кемсітуге бағытталған деп есептесе, Ұйымдастырушы осындай Қатысушыны қатыстырмауға құқығы бар және осындай қатысудан шектетілген Қатысушының ұтқаны қандай да бір жерде хабарланса немесе жарияланса да, Ұйымдастырушының оны қатысудан шектету құқығын өзіне қалдырады.
7.12. Осы Ережелердің кез келген ережелерінің жалғандығы немесе оны орындау мүмкін болмағаны басқа ережелердің растығына немесе оларды орындауға әсер етпейді. Егер қандай да бір ереже жалған немесе орындалмайтын болса, заңға қайшы келсе, осы Ережелердің қалғанының қолданылуы жалғастырылады және осында жалған немесе заңға қайшы ережелер болмағандай бекітілген шарттарына сәйкес түсіндіріледі.
7.13. Егер кез келген тұлға жалған ақпаратты ұсынып заңға қарсы құралдар арқылы қатысса немесе басқаша айтқанда, Промокод алу үшін осы Ережелерді бұзғаны мойындалса, Ұйымдастырушы осындай тұлғаны қатысудан шектетіп, келтірілген шығынды өтеуін талап етуге құқылы.
7.14. Осы интернет-сайт және оның мазмұны тек ақпараттық сипатта берілген және ешбір жағдайда ҚР Азаматтық кодексінің 395 бабында берілген ережелермен анықталатын жария оферта болып табылмайды. Құрылғылардың саны шектеулі. Нақты түсі басқа болуы мүмкін және барлық кескіндер анықтама үшін берілген.
Акцияға қатысты кез келген сұрақтар бойынша төменде көрсетілген Ұйымдастырушының байланыс деректері бойынша хабарласыңыз:
Ұйымдастырушының колл-орталығының байланыс деректері:
7700 – Қазақстанның кез келген ұялы телефон операторының нөмірінен қоңырау шалу тегін.